2026 жылғы 23 қазанда ШҚО Білім басқармасы Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Соловьев орта мектебі» КММ-де «Гуманитарлық бағыттағы оқу бағдарламаларының мазмұны арқылы “Адал азамат” тұжырымдамасын іске асыру» тақырыбында аудандық семинар өтті.

Орыс әдебиеті мен ағылшын тілі пәндерінен ашық сабақтар, шеберлік сағаттары және практикалық жұмыстар сабақ мазмұны арқылы адалдықты, жауапкершілікті, құрмет пен азаматтық ұстанымды қалыптастыру жолдарына арналды.
💻 Педагогтер «Адал азамат» құндылықтарын оқыту үдерісіне кіріктіруде интерактивті тапсырмалар мен жасанды интеллектіні қолдану мүмкіндіктерін қарастырды. Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының «Сенім кеңістігі: отбасында адалдықты, құрмет пен жауапкершілікті тәрбиелеу» тақырыбындағы сабағында мектеп пен отбасының ынтымақтастығына ерекше көңіл бөлінді.
🎶 Бағдарлама Қазақстан Республикасының күніне арналған «Тәуелсіз елдің адал ұрпағы» атты мерекелік концертпен қорытындыланды.

Прокрутить вверх