
Орыс әдебиеті мен ағылшын тілі пәндерінен ашық сабақтар, шеберлік сағаттары және практикалық жұмыстар сабақ мазмұны арқылы адалдықты, жауапкершілікті, құрмет пен азаматтық ұстанымды қалыптастыру жолдарына арналды.
💻 Педагогтер «Адал азамат» құндылықтарын оқыту үдерісіне кіріктіруде интерактивті тапсырмалар мен жасанды интеллектіні қолдану мүмкіндіктерін қарастырды. Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының «Сенім кеңістігі: отбасында адалдықты, құрмет пен жауапкершілікті тәрбиелеу» тақырыбындағы сабағында мектеп пен отбасының ынтымақтастығына ерекше көңіл бөлінді.
🎶 Бағдарлама Қазақстан Республикасының күніне арналған «Тәуелсіз елдің адал ұрпағы» атты мерекелік концертпен қорытындыланды.
